Өңірлер

Талдықорғанда ірі сауда үйі өртеніп жатыр – видео

© Sputnik / Александр КожохинӨрт сөндіру көлігі, архивтегі сурет
Өрт сөндіру көлігі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда сауда үйінен адамдар қауіпсіз жерге шығарылуда

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Талдықорғандағы "Қарағаш" сауда үйінде өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Өрттің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.  

"ТЖД кезекші бөліміне ақпарат 12.55-те түсті. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Сауда үйінен адамдарды эвакуациялау жалғасуда", — деп хабарлады Алматы облысы ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаев.

Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары "Қарағаш" сауда үйінде соңғы бірнеше жылдың ішінде осымен үшінші рет өрт шыққанын айтып жатыр.   


Жаңалықтар
0