Өңірлер

Ауа райы болжамы: сенбіде боран соғып, көктайғақ болады

Қазақстанның ауа райына циклон әсер етіп, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын түседі
Sputnik

АСТАНА, 13 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігіне циклон ықпал етіп, соған байланысты атмосфералық фронттардың салдарынан жауын-шашын түседі, көктайғақ болады, бұрқасындатады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, түнде және таңертең кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, түнде Ақмола облысында төменнен соққан боран болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, боран соғады, Шығыс Қазақстанда кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, тұман, Жамбыл облысында — көктайғақ, төменнен соққан боран.

Маңғыстау, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ. Қостанай, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.