Қоғам

Баян Алагөзованың кеңсесінен жоғалған құжаттарды полиция іздеп жатыр

Тергеуді бастамастан бұрын Алматы полициясы құжаттардың шынымен жоғалғанын тексерді
Sputnik

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Танымал продюсер Баян Алагөзованың құжаттарын полиция іздеп жатыр, деп хабарлады Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Баян Алагөзова өзінің кеңсесінен құжат ұрланғанын хабарлады

"Бүгінге дейін Баян Алагөзованың кеңсесіне ұрлық жасалды деген арыз түспеген болатын. БАҚ-та ақпарат тараған соң Алматы ІІД тексеру шараларын жүргізіп, кеңсе қызметкерлерін анықтады. Содан кейін кеңсе өкілдерінің бірі 12 кезінде биыл 4 қаңтарда жасалған ұрлық туралы хабарлады. Аталған дерек бойынша Медеу ауданы ІІБ қызметкерлері жедел тергеу шараларын жүргізіп жатыр", — деп хабарлады Әзірбек.

Баян Алагөзова жақында Instagram парақшасында кеңсесінен құжаттардың ұрланғанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, аппаратура, компьютерлер мен костюмдерге орнында тұр, тонаушылар кеңсеге түнде басып кіріп, құжаттар салынған буманы ұрлап кетіпті.