Қоғам

Баян Алагөзова өзінің кеңсесінен құжат ұрланғанын хабарлады

© Sputnik / Ксения ВоронинаБаян Мақсатқызы
Баян Мақсатқызы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алагөзова қаскүнемдер мен тапсырыс берушіні табуға күш салатынын айтты

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық продюсер Баян Алагөзова түнде белгісіз біреулер өзінің кеңсесінен құжаттарды ұрлап кеткенін хабарлады.    

Баян Алагөзова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Баян Алагөзова "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" сериалын сынға алған Меруерт Түсіпбаеваға жауап берді
"Кеше түнде менің компаниямның кеңсесіне белгісіз біреулер кірген, белгілі болғандай, барлық аппаратура, компьютерлер мен костюмдерге тимеген, олар құжат салынған папканы ұрлап кетті. Жоқ, мен уайымдап отырған жоқпын, өйткені мұны істеген адамдар жаман нәрсе таппайды. Үздік аудиторларды шақырып, қомақты қаржы төлеп, текке уақыт өткізіп алуларыңыз мүмкін. Мен адал жұмыс істеймін! Сіздерді табуға бар күшімді саламын. Бұл қылмысқа тапсырыс беруші де ерте ме, кеш пе, белгілі болады ", — деп жазды продюсер әлеуметтік желідегі парақшасына.  

Алагөзова мұны кімнің жасауы мүмкін екені жайлы ештеңе айтпаған, алайда интернет қолданушылар болған жайтқа өз жормалдарын жасап жатыр.  

Бұдан бұрын Баян Мақсатқызы түсірген "Қозы Көрпеш — Баян Сұлу" тарихи сериалына қатысты үлкен дау туындаған еді. Көптеген көрермен фильмнің сюжеті тарихи деректерге сәйкес келмейтінін айтып, наразылық білдірді.  Сондай-ақ продюсер мен фильмге бөлінген ақшаны қайтаруды талап еткен әнші Меруерт Түсіпбаева сөзге келіп қалды.   


Жаңалықтар
0