Өңірлер

Астанаға пойызбен тегін жетпек болған жігіт тоққа түсіп қалды

Денесінің жартысына жуығын күйік шалған жігіттің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салып жатыр
Sputnik

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Көкшетаудың теміржол вокзалында оқыс оқиға болды. Қалтасында көк тиыны жоқ 25 жастағы жігіт электровоздың үстіне шығып кетіп, токқа түсті, деп хабарлайды КТК. 

Солтүстік Қазақстанда селфи жасау үшін бағанаға шыққан жасөспірім тоққа түсті
Электровоздардың аса жоғары кернеулі токпен жүретінін білмеді ме, әйтеуір ол  Көкшетаудан Астанаға тегін жетіп алғысы келіпті. Ол тіпті қысқы суық ауа райы жайлы да ойланбаса керек. Сөйтіп, теміржол қызметкерлері көзін ала бере электровоздың үстіне шығып мініп алған. Сол сәтте  29 мың вольт тоқ соғыпты. Екі аяғы жанып, поезд үстінде шырқырап жан дауысы шыққан жігітті көрген өзге жолаушылардың зәресі ұшқан.  Оны әрең дегенде электровоздан түсіріп алған теміржол қызметкерлері жедел жәрдем шақырған. Қазір денесінің жартысына жуығын күйік шалған жігіттің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салып жатыр.

"Қазір жағдайы өте ауыр. 2 аяғы жанған, күйіктері көп. 3-ші 4-ші дәрежеде. Жағдайы түскен кезге қарағанда кішкене жақсарды", — дейді травматолог-дәрігері Елдос Қайыржанов.