Өңірлер

Жамбыл облысында түрмеге есірткі өткізбек болған кәсіпкер ұсталды

Сот-химиялық сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың жарты келіген жуық марихуана екені анықталды
Sputnik

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Жамбыл облысында қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері түзеу мекемесіне кіргізбек болған кәсіпкерден ірі көлемде есірткі тәркіледі, деп хабарлайды ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметі. 

Шымкентте есірткі сатқан полицейлер сотталды

Облыстағы колониялардың бірінде өндіріс орнын ашқан кәсіпкер ҚАЖ қызметкерлерінің назарына бірден іліккен. 

"Тексеру кезінде кәсіпкердің аяқ жағынан 6 целлофанды түйіншек табылды", — дейді Жамбыл облысы ҚАЖ департаментінің бастығы Миржан Смағұлов. 

ҚАЖ комитеті баспасөз қызметінің ақпаратынша, биыл ірі көлемдегі есірткі  алғаш рет тәркіленіп отыр. 

Сот-химиялық сараптама қорытындысы тәркіленген заттың жарты келіге жуық марихуана екенін көрсетті.  

Аталған факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді, тексеру жұмыстары басталды.