АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Жауған қарға қарамастан Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды Алматы халықаралық әуежайының президенті Айбол Бекмұхамбетов Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Оның айтуынша, әуежай басқа қалалардан бағытын өзгерткен екі-үш рейсті қабылдаған.
"Қосымша жүктеме болмайды, өйткені Астана әуежайы бес сағаттан соң ашылады", — деді ол.
Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, оның қызметіне жауған қар кедергі келтірген жоқ, деп атап өтті президент.
"Ешқандай проблема жоқ", — дейді әуежай басшысы.