АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы жақын арада Теміртауда жауған қара қарды тексеріп көрмек, деп мәлімдеді қауымдастықтың басқарма басшысы Айгүл Соловьева Астана әкімдігіндегі дөңгелек үстел барысында.
"Астанадан соң Теміртауға бет аламыз, ол жақта қара қар жауыпты. Қазгидромет бәрі норма деңгейінде деп жақсы көрсеткіштер ұсынуы мүмкін, дегенмен әр адам зиянды қалдықтарды сезініп жүреді", — дейді Соловьева.
Эколог Қытай астанасындағы көк түтін мәселесін шешкен бейжіңдік мамандарды да шақыруымыз мүмкін дейді.