Өңірлер

АрселорМиттал Теміртаудағы қара қардың қайдан пайда болғанын түсіндірді

© SputnikАрселорМиттал Теміртау
АрселорМиттал Теміртау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан Теміртаудағы қара қардың пайда болуына желсіз ауа райы себеп болыпты

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Теміртауда қара қардың жаууына кәсіпорыннан шығарылатын зиянды қалдықтар ғана емес, ауа райы мен басқа да факторлар себеп болды дейді.

Көк түтін - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазгидромет қай қалаларда көк түтін болатынын хабарлады

Жақында әлеуметтік желіде пайда болған видео мен суреттерде Теміртаудағы қар жамылғысының қара түске енгенін бірден байқауға болады. Теміртау әкімдігі экология департаментіне хат жазып, қара қардың себебін түсіндіруді сұраған. 

Халықтың алаңдаушылығын туғызған қара қар туралы қала сыртында металлургиялық комбинаты бар "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы пікір білдірді.

"Қазгидромет" мәліметінше, Теміртауда 11 желтоқсанда ауа райы желсіз, тынық болып, түтін сейілмегендіктен, Теміртаудағы қардың түсі өзгерген. Қазір компания мамандары ахуалды зерттеп, тиісті шара қабылдау үшін сараптама жасап жатыр", — делінген хабарламада.

"Металлургиялық комбинаттан ауаға бөлінетін зиянды қалдықтар – өңірдің экологиясына әсер ететін көп фактордың бірі ғана. Басқа да себептер жетерлік, мәселен: көлік санының үш есе артуы және 4000-нан астам үйдің пеш жағуы", — деп жазады компания.

Жаңалықтар
0