Оқиға

Таиландта сегіз қазақстандық жол апатына түсті

Туристер отырған микроавтобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, ағашқа соғылған
Sputnik

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Таиландта он адам, оның ішінде сегіз қазақстандық жол апатында зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости. 

Қазақстандық туристер мінген автобус Түркияда жол апатына ұшырады

Пхукет аралындағы Hanuman World аттракциондар саябағының аумағында микроавтобус жол апатына түсіп, сегіз қазақстандық турист пен олардың гиді мен жүргізуші зардап шекті. 

"Саябақтың ішімен келе жатқан микроавтобус жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, ағашқа соғылған. Зардап шеккен он адамның тоғызы жақын маңдағы Dibuk Hospital ауруханасына жеткізілді. Екі адамның аяғы, біреуінің қолы сынған, қалғандары ауыр жарақаттар алған", — деп хабарлайды басылым. 

Қазақстандық дипломаттар жол апатының мән-жайын анықтап жатыр, толық ақпаратты кейінірек хабарлайды.