Әлем

Ғарышта үш апта болған жапониялықтың бойы 9 сантиметрге өсті

Әдетте ғарышта адамдардың бойы 1-2 сантиметрге ғана өседі
Sputnik

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Жапондық астронавт Норишиге Канаи Халықаралық ғарыш станциясында болған үш аптада бойының 9 сантиметрге өскенін мәлім етті. Бұл туралы ол Twitter-дегі парақшасында хабарлады, деп жазады РИА Новости. 

"Бүгін менің өте маңызды жаңалығым бар. Медициналық тексерістен өткен кезде менің бойымның бірден 9 сантиметрге өскені анықталды. Бұл үш аптаның ішінде болған өзгеріс", — деп жазды ол. 

Қазақстан мен Түрікменстан ғарыш саласында ынтымақтасатын болды

Астронавт мектеп жасынан бері бойы бұлай өспегенін айтады. Енді ол "Союз" кемесінің орындығына сыймай қаламын ба деп алаңдап отыр. 

Әдетте ғарышта гравитация болмағандықтан астронавттардың 1-2 сантиметрге өсетіні мәлім. 

Жапондық астронавт Норишиге Канаи халықаралық ғарыш станциясына "Союз МС-07" экипажының құрамында былтыр 19 желтоқсанда қонған.