Қазақстан мен Түрікменстан ғарыш саласында ынтымақтасатын болды

© AFP 2024Зымыран
Зымыран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркімен тарабы КазСат жүйесін пайдаланудағы Қазақстан тәжірибесіне қызығушылық танытып отыр

АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан мен Түрікменстан ғарыштық байланыс жүйелері мен жерді алыстан бақылау саласында ынтымақтасуды көздейді. Бұл туралы парламент мәжілісі отырысында Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин айтты.

Талғат Мұсабаев - Sputnik Қазақстан
Мұсабаев: Қазақстанда ғарыш саласын дамытудың екі жолы болды

"Түркіменстан бірінші телекоммуникациялық жер серігін ұшырды және біздің КазСат жүйесін пайдалану тәжрибемізге қызығушылық танытып отыр. Мамыр айында Түркіменстанға делегациямыз барып, олардың ғарыш инфрақұрылымымен танысты, маусымда Түрікменстан ұлттық ғарыш агенттігі бізге келіп, Алматыдағы, Астанадағы нысандарымызды аралады", — дейді Нұрғожин.

Оның сөзіне сүйенсек, қос ел ғарыштық байланыс жүйесін қолдану тәжрибесімен алмасуға келісті. Түркімен тарабы зерттеулер барысында жерді алыстан бақылау деректерін пайдаланып, оны іс жүзінде экономикалық салаларда қолдануға қызығушылық танытып отыр.

"Қазір осы екі мәселе қаралып жатыр. Меморандум түркімен тарабының қолында", — деп сөзін қорытындылады Нұрғожин.

Жаңалықтар
0