Өңірлер

Ақтөбе әкімдігінің жанында күзетші өзін-өзі өлтірді

Ер адам ішкі істер органдарында жеті жыл қызмет еткен, оның артында әйелі мен екі баласы қалды
Sputnik

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы полициясының кіші лейтенанты Ақтөбе әкімдігінің жанында өзін атып өлтірген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Әлеуметтік желіден өзі жайлы видеоны көрген 10 жасар қыз суицид жасады

Қалалық полиция департаментінде хабарлағандай, 8 қаңтарда сағат 17:30 шамасында 34 жастағы ер адам әкімдіктің ғимаратын күзету бойынша жұмысын атқару кезінде ішкі ауланың қақпасының жанындағы бақылау-өткізу пунктінде өз-өзін өлтірген. Күзетшінің денесі жұмыс күні аяқталған соң табылды. 

Ақтөбе ІІД баспасөз қызметінің нақтылауынша, кіші лейтенант ішкі істер органдарында 2010 жылдың мамырынан қызмет еткен. Артында әйелі мен екі баласы қалды. 

Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар жүргізіледі, сотқа дейінгі тергеу басталды.