Өңірлер

Астанада үш күнге дабылды ескерту жарияланды

9-11 қаңтарда елордада қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.
Sputnik

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Ауа райының бұзылуына байланысты 9-11 қаңтар аралығында Астанада дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжауынша бұл күндері Астанада қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. 

"9 қаңтарда күндіз, 10-11 қаңтарда тәулік бойы оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетсе, 11 қаңтарда оның екпіні 25 м/с болады", — деп хабарлайды Қазгидромет. 

Сондай-ақ бұл күндері Ақмола облысында да дабылды ескерту жарияланды. Үш күн бойы қар жауып, кей жерлерде  бұрқасын, көктайғақ болады. Қатты жел соғады.