АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Ауа райының бұзылуына байланысты 9-11 қаңтар аралығында Астанада дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің болжауынша бұл күндері Астанада қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.
"9 қаңтарда күндіз, 10-11 қаңтарда тәулік бойы оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетсе, 11 қаңтарда оның екпіні 25 м/с болады", — деп хабарлайды Қазгидромет.
Сондай-ақ бұл күндері Ақмола облысында да дабылды ескерту жарияланды. Үш күн бойы қар жауып, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады. Қатты жел соғады.