АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Каспий теңізі жағалауындағы су балдырлардың кесірінен қызыл түске енген, деп хабарлады LADA.kz Маңғыстау облысы экология департаменті басшысының орынбасары Руслан Төкеновке сілтеме жасап.
Экологтар Каспий жағалауындағы балдырлардан сынама алды, алдын ала мәлімет бойынша қоршаған орта ластанбаған.
"Біз төңіректі қарап шығып, зертханаға сынама алдық. Бізбен бірге "Қазгидромет" РМК мамандары жұмыс істеді. Қазіргі таңда талдау жүргізіліп жатыр. Балдырлар қызыл түске боялады, сондықтан да теңіз суында осындай реңк пайда болған. Онда құстар жүр, осы балдырларды азық етіп жатса керек. Ол еш зиян келтірмейді, табиғи процесс. Зерттеу нәтижесі бойынша балдырлар қоршаған ортаны ластай ма, жоқ па, нақты белгілі болады", — деді Руслан Төкенов.
Судың түсі өзгергенін Ақтау тұрғындары 6 қаңтарда байқаған.