Оқиға

Полиция анасының 13 жастағы қызын неге пышақтап тастағанын айтты

Пышақ жарақатын алған қыз жансақтау бөлімінде жатыр, оның жағдайы ауыр
Sputnik

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Қостанай облысының полициясы 13 жастағы қыздың пышақталуына қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

"7 қаңтарда сағат 16.30 шамасында Қостанай қаласында 32 жастағы әйел мас күйінде өз пәтерінде 13 жастағы қызымен жанжалдасып, оған пышақ жарақатын салады. Қыз түрлі дене жарақаттарымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", — деп жазылған хабарламада. 

Оңтүстік Қазақстанда анасы өлімші етіп сабаған бала есін жиды

Полиция қылмыстық кодекстің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян тигізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

Дәрігерлердің айтуынша, оқушы қыз өкпесі, асқазаны мен бауырының сол жақ бөлігінен жарақат алған. 

Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр, өкпенің жасанды аппаратына қосылған. Жағдайы ауыр болғанымен, бірқалыпты.