Өңірлер

Оңтүстік Қазақстанда анасы өлімші етіп сабаған бала есін жиды

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір ол жасанды тыныс алу құрылғысынсыз демалып жатыр

АСТАНА, 13 желтоқсан — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысы Қарабұлақ ауруханасында анасы өлімші етіп сабап, комаға түскен бала есін жиды, деп хабарлайды "Отырар" жергілікті басылымы.

Жедел жәрдем, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оңтүстік Қазақстанда баласын аяусыз ұрған әйел қамауға алынды

Неге екені белгісіз анасы баласын өткен демалыста соққыға жыққан. Бала ауыр хәлде Қарабұлақ ауруханасының жансақтау бөліміне түскен.

Бөлім меңгерушісі Еркін Сармановтың сөзіне сүйенсек, жәбірленуші бассүйек-ми жарақатын алған, бүйрегіне зақым келген, денесінде көптеген жарақаттар, үшінші дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі, үшінші дәрежелі травмалық шок болған.

Баланың ұстаздары мен туған-туыстарының айтуынша, әйел баласына ешқашан қаталдық танытып, ұрып-соқпаған. Сабақ үлгерімін үнемі бақылап, өте мейірімді болыпты.

Күдіктінің ағасының айтуынша, әйел адам ата-анасынан ерте айырылып, туған-туыстары мен достарының үйінде тәрбиеленіпті. Жақындарының пайымдауынша, бала күнгі жан күйзелісі әйелдің жүйкесінің сыр беруіне әкеп соққан.

Дәрігерлердің мәліметінше, жәбірленуші есін жиып, жасанды тыныс алу құрылғысынан ажыратылды, дегенмен жағдайы аса ауыр.

Баланың анасы Сайрам уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0