АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Boxingnews24.com журналисі Шон Джонс қазақстандық боксшы Геннадий Головкин реваншта мексикалық Сауль Альваресті нокаутқа түсіру үшін не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
Альварес Головкинді ұру үшін рингтің шетіне ығыса бермей, шаршы алаңның ортасында жұдырықтасуды байқап көргені жөн. Өкінішке қарай, мексикалық боксшының мұны жасай алатынына күмәнім бар. Онда ешқашан кәсіби төзімділік болған емес, бұлшық еті қатайып, салмақ қосқаннан кейін бұл тіпті қиындап кетті. Егер "Канело" реваншқа қазіргі физикалық формада шықса, онда оған әр раундта Головкинмен бір минуттан астам уақыт жұдырықтасу қиынға соғады. Егер Головкин жылдам қозғалып, Альваресті қыспаққа алып, қарсыласына тыныстауға мүмкіндік бермесе, онда мексикалықты нокаутқа жібере алады. Ал "Канело" осы кезде 16 қыркүйекте өткен жекпе-жекте жасағандай, Головкиннен рингті айнала қаша беретін болады. Бірақ GGG соңына дейін беріспеуі керек", — деп жазады Джонс.