Қоғам

Шыршаны заңсыз кесіп алғандарға жаза бар ма?

Жаңа жыл қарсаңында шырша мен қарағай заңсыз кесілген біршама жайт тіркеліпті
Sputnik

АСТАНА, 6 қаңтар — Sputnik. Жаңа жыл қарсаңында заңсыз шырша кескен қазақстандықтарға жалпы сомасы 135 мың теңге айыппұл салынды.

ОҚО тұрғыны жаңа жыл түнінде жантүршігерлік қылмысқа барды

ІІМ жүргізген алдын алу шаралары нәтижесінде, шыршаны заңсыз кесу бойынша – 25, заңсыз тасымалдау бойынша – 11, заңсыз сату бойынша – 33 жайт анықталып, жиырма тоғыз сотқа дейінгі тергеу ісі басталған.

"49 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олар жалпы сомасы 134 мың 700 теңге айыппұл төледі. Жаңа жылға орай заңсыз кесілген 613 шырша табылып, шығын сомасы 980 мың теңге болды", — деп мәлімет берді ІІМ.