АСТАНА, 6 қаңтар — Sputnik. Жаңа жыл қарсаңында заңсыз шырша кескен қазақстандықтарға жалпы сомасы 135 мың теңге айыппұл салынды.
ІІМ жүргізген алдын алу шаралары нәтижесінде, шыршаны заңсыз кесу бойынша – 25, заңсыз тасымалдау бойынша – 11, заңсыз сату бойынша – 33 жайт анықталып, жиырма тоғыз сотқа дейінгі тергеу ісі басталған.
"49 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олар жалпы сомасы 134 мың 700 теңге айыппұл төледі. Жаңа жылға орай заңсыз кесілген 613 шырша табылып, шығын сомасы 980 мың теңге болды", — деп мәлімет берді ІІМ.