АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Нұргүл Абай. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы уағыз айту тәртібіне қатысты ереже дайындап жатыр. Бұл туралы бүгін ҚМДБ насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, қазір имамдардың жалақысын көтеру мәселесі де шешіліп жатыр.
Естеріңізге салып өтсек, бүгін дінтанушы Ризабек Батталұлының мешітке жиналған жамағат алдында "шариғат әйелді ұруға рұқсат береді" деген уағызы әлеуметтік желіде біраз шу болған еді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме беріп, мән-жайды түсіндірді. Белгілі болғандай, аталған видео екі жыл бұрын түсірілген, ҚМДБ-ға еш қатысы жоқ. Ал Ризабек Батталұлы қазір Алматыдағы "Нұр-Мүбарак" университетінде оқытушы болып істейді.