Қоғам

Халықтың ең қалаулы министрі анықталды

"Нұр Отан" партиясы арнайы дауыс беру өткізіп, Қазақстанның ең қалаулы министрін анықтады
Sputnik

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. "Нұр Отан" партиясы қазақстандықтар қабылдауында болғысы келетін ең қалаулы министрлерді анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Депутат арманы: министрлер көп ұзамай қымбат көліктерін велосипедке ауыстырады

"2017 жылдың 25 желтоқсаны мен 2018 жылдың 3 қаңтары аралығында биыл партияның републикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде министрлердің азаматтарды қабылдау кестесін жасақтауға қатысты дауыс беру жүргізілген болатын. Осы бастамаға белсене қатысып, республикалық қоғамдық қабылдауға жазылуға ниет білдірген барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Соған орай жуырда сіздердің талап-тілектеріңізді ескере отырып, Үкімет мүшелерімен кездесу кестесін дайындаймыз", — деп жазылған партияның әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Сонымен, үкімет мүшелерінің ішінде көш басында әділет министрі Марат Бекетаев тұр, ол 18,8% дауыс жинаған, екінші орында 15,8% көрсеткішпен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, үшінші орында – денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, оған респонденттердің 10,9%-ы дауыс берген. 

Әрі қарай тізімде 8,9% дауыспен вице-премьер, ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев пен білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, алтыншы орында – ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов (7,9%), одан кейін сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов (5%) және энергетика министрі Қанат Бозымбаев (4%) жайғасқан. Қалған алты министр 3%-дан дауыс жинаған.  

Ашық дауыс берудің қорытындысы