Әлем

Мысырда туристер мінген әуе шары құлады

Әуе шарының құлауына күшті жел себеп болған
Sputnik

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Мысырдың Луксор қаласында туристер мінген әуе шары биіктіктен құлады, бір адам қаза болып, жетеуі жарақат алды, деп хабарлады РИА Новости "Аль-Ахрам" порталына сілтеме жасап.  

Қазақстандық туристер мінген автобус Түркияда жол апатына ұшырады
Қаза болған – АҚШ азаматы, зардап шегушілердің азаматтығы әзірге белгісіз.  

Порталдың мәліметінше, оқыс оқиға күшті желдің салдарынан болған. Зардап шегушілер Луксордың ауруханасына жатқызылды, оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.  

Мысырда мұндай жағдай алғаш рет болып отырған жоқ. 2013 жылдың ақпанында әуе шары биіктікте өртеніп, құлаған болатын. Шардың қоржынында 21 турист болған. 19 адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жатқызылды. Ол кезде әуе шарында Гонконг, Жапония, Ұлыбритания, Бельгия, Франциядан келген туристер, сондай-ақ бір Мысыр азаматы болған.