Оқиға

Шымкентте қатты желден екі ұшақ соқтығысып қалды

Шымкент әуежайында тұрған екі ұшақ соқтығысты
Sputnik

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Шымкентте әуежайда тұрақта тұрған екі ұшақ қатты желден қозғалып, бір-біріне соғылды, деп хабарлайды инвестиция және даму министрлігі азаматтық авиация комитеті.

Қазақстан мен Өзбекстан арасында күнделікті ұшақ қатынайтын болды

Оқиға 2017 жылы 27 желтоқсанда болып, салдарынан Training center Part FCL компаниясына тиесілі Cessna-172 ұшақтары бүлінген.

"Ұшақтардың бағыттау рөлі мен қанатына зақым келді. Радиограммаға сәйкес, бұл жайтқа қатты жел кезінде тұрақта тұрған ұшақтардың бір-біріне тым жақын орналасуы себеп болған", — деп атап өтті комитет. 

Айта кетейік, Training center Part FCL оқу-жаттығу орталығы акциясының 9% Азаматтық авиация академиясына тиесілі.