АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, суық болады.
"Демалыс күндері Қазақстанның басым аумағында Сібір антициклонына байланысты суық әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ауа температурасы климаттық нормадан 3…5 градусқа, ал республиканың шығысында әдеттегіден 7…13 градус төмен болады", — делінген хабарламада.
Жылы және дымқыл атлантикалық ауа біртіндеп батысқа, дүйсенбіге қарай Қазақстанның солтүстік, орталық, оңтүстік өңірлеріне ығысады. Соның әсерінен ауа температурасы жоғарылап, жауын-шашын болады.