Өңірлер

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҚыс
Қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазгидромет" РМК 6-8 қаңтар аралығындағы ауа райына болжам жасады

АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, суық болады.

Астана - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз

"Демалыс күндері Қазақстанның басым аумағында Сібір антициклонына байланысты суық әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ауа температурасы климаттық нормадан 3…5 градусқа, ал республиканың шығысында әдеттегіден 7…13 градус төмен болады", — делінген хабарламада.

Жылы және дымқыл атлантикалық ауа біртіндеп батысқа, дүйсенбіге қарай Қазақстанның солтүстік, орталық, оңтүстік өңірлеріне ығысады. Соның әсерінен ауа температурасы жоғарылап, жауын-шашын болады.

Жаңалықтар
0