Қоғам

Алматының кішкентай тұрғынына Елбасы күшік сыйлады

Жаңа жылға орай тілек жазып, Елбасыға хат жолдаған қыздың арманы орындалды
Sputnik

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының кішкентай тұрғынына француз бульдогын сыйлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда жаңа жылдық шыршада оқушыларға сыйлыққа қант пен сұйық май берген

Медина Майсарова бір ай бұрын президентке хат жазып, Жаңа жылға күшік сыйлауын өтініпті. Армандаған сыйлығын Медеу ауданы әкімі Ержан Жылқыбаев табыстады. 

"Хатты бір ай бұрын жаздым, ит асырауды көптен бері армандап жүргенмін, анам рұқсат бермей қойды. Ол президенттің күшік сыйлайтынына сенбей, қалжың деп ойлаған. Ал мен ғажайыпқа сеніп, мінекей, арманым орындалды", — дейді Медина Байсарова.