Қоғам

Алматының кішкентай тұрғынына Елбасы күшік сыйлады

© Sputnik / Михаил Фомичев / Медиабанкке өтуКүшік
Күшік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа жылға орай тілек жазып, Елбасыға хат жолдаған қыздың арманы орындалды

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының кішкентай тұрғынына француз бульдогын сыйлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қант - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда жаңа жылдық шыршада оқушыларға сыйлыққа қант пен сұйық май берген

Медина Майсарова бір ай бұрын президентке хат жазып, Жаңа жылға күшік сыйлауын өтініпті. Армандаған сыйлығын Медеу ауданы әкімі Ержан Жылқыбаев табыстады. 

"Хатты бір ай бұрын жаздым, ит асырауды көптен бері армандап жүргенмін, анам рұқсат бермей қойды. Ол президенттің күшік сыйлайтынына сенбей, қалжың деп ойлаған. Ал мен ғажайыпқа сеніп, мінекей, арманым орындалды", — дейді Медина Байсарова.

Жаңалықтар
0