Әлем

Хилари Клинтонға қатысты жаңа тергеу басталды

АҚШ президенттігіне үміткер болған Клинтон мен оның өкілдері бұған қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ
Sputnik

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы президенттікке үміткер болған Хилари Клинтонның қайырымдылық қорының жұмысын тексеруді қолға алды, деп хабарлайды РИА Новости Hill басылымына сілтеме жасап.

Хилари Клинтон хаттарының кезекті бөлігі жарияланды

Басылымның дереккөздеріне сүйенсек, ФТБ Клинтон АҚШ мемлекеттік хатшысы болған кезде Clinton Foundation қоры заңсыз қызмет атқарды ма, жоқ па тергейтін болады.

Тергеу аясында  қордың "донорлары" қайырымдылық үшін қаражат бөлгеннен соң мемлекеттік көмек алды ма, анықталады.

Хилари Клинтон мен қор өкілдері бұл жайтқа қатысты ешқандай пікір білдірмеген.