Әлем

Хилари Клинтонға қатысты жаңа тергеу басталды

© REUTERS / Rick WilkingХиллари Клинтон
Хиллари Клинтон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ президенттігіне үміткер болған Клинтон мен оның өкілдері бұған қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы президенттікке үміткер болған Хилари Клинтонның қайырымдылық қорының жұмысын тексеруді қолға алды, деп хабарлайды РИА Новости Hill басылымына сілтеме жасап.

Предвыборное ралли кандидата в президенты США Хиллари Клинтон в штате Кентукки - Sputnik Қазақстан
Әлем
Хилари Клинтон хаттарының кезекті бөлігі жарияланды

Басылымның дереккөздеріне сүйенсек, ФТБ Клинтон АҚШ мемлекеттік хатшысы болған кезде Clinton Foundation қоры заңсыз қызмет атқарды ма, жоқ па тергейтін болады.

Тергеу аясында  қордың "донорлары" қайырымдылық үшін қаражат бөлгеннен соң мемлекеттік көмек алды ма, анықталады.

Хилари Клинтон мен қор өкілдері бұл жайтқа қатысты ешқандай пікір білдірмеген.

Жаңалықтар
0