Әлем

Ғалымдар қандай әйелдердің әдемірек екенін анықтады

Америкалық ғалымдар ер адамдар арасында арнайы зерттеу жүргізді
Sputnik

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Ер адамдар көбінесе шашы сары қыздар қара және қоңыр шашты қыздармен салыстырғанда әдемірек және жасырақ келеді деп есептейді. АҚШ-тағы Аугсбург университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келген, олардың жұмысын Journal of Social Psychology басылымы жариялады, деп хабарлайды РИА Новости. 

Ғалымдар селфиқұмарлықтың қашан дертке айналатынын айтты

Зерттеу барысында 110 ер адам әйелдердің сұлулығын фото бойынша бағалады. Суретте қыздардың түрі көрінбейді, олар арқасымен түскен. Белгілі болғандай, жігіттер шашы ашық түсті қыздарды басқалармен салыстырғанда әдемі деп санайды, әрі жеңілтек көреді екен. 

Бірақ зерттеуге қатысқандардың көпшілігі отбасы мен бала тәрбиесі үшін қара шашты әйелдерді таңдайтынын айтқан. Бұдан бөлек, ер адамдар шаштың ұзындығына да мән береді екен. Олардың пайымдауынша, шашының ұзындығы орташа қыздар ұзын шашты нәзік жандыларға қарағанда дені сау және қарым-қатынасқа байсалды қарайды. 

Бұған дейін америкалық ғалымдар сары шашты әйелдердің интеллект коэффициенті (IQ) шашы басқа түсті қыздарға қарағанда орташа алғанда жоғары екенін анықтаған еді.