Оқиға

Алматыда десантшы қылмыскердің тапаншасын қағып түсіріп, гранатасын тартып алған

Ұсталған қылмыскер бұрын бұзақылық жасағын үшін жауапқа тартылған
Sputnik

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Жаңа жылдың алғашқы күнінде Десанттық шабуылдау әскері құрамындағы подполковник Зәкір Қарашев бұдан бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматты қарусыздандырып, полиция қызметкерлеріне тапсырды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұлттық ұлан сарбаздары 14 жасар қызды аман алып қалды

Әскери қызметшінің сөзіне сүйенсек, досы оны отбасымен бірге үйіне қонаққа шақырған екен. Отырыстың нағыз қызған кезінде есікті біреу қағады. Пәтер қожайыны есікті ашып, шығып кетеді. Көп кешікпей сырттан айқай-шу естілген. 

"Подполковник Қарашев досының артынан шығып, оған кезелген жауынгерлік тапаншаны көреді. Батыл офицер бейтаныс ер адамның қолынан қаруды қағып түсірген. Сол кезде қылмыскер қалтасынан граната алып шығыпты. Әскери қызметші оны қолымен қысып, қоян-қолтық ұрыс тәсілін қолданып, суық қаруды тартып алды", — делінген хабарламада. 

Қылмыскерді полиция қызметкерлері келгенге дейін байлап тастауға тура келіпті. Ол бұдан бұрын ұрлық және бұзақылық үшін ұсталған. Тергеу барысында есікті шатастырып алғаны анықталды.