Өңірлер

Нәрестесі шетінеп кеткен анаға перзентхана қомақты қаражат төлейтін болды

Сот сәби өлімі үшін перзентхананы моральдық және материалдық шығын өтеуге міндеттеген
Sputnik

АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Қарағанды тұрғыны жаңа туған сәбиінің өлімі үшін перзентханадан 1 миллион теңге өтемақы алады, деп хабарлайды Қарағанды облыстық сотының сайты.

Ақмола облысында екі айлық сәби анасының қолында шетінеп кетті

Әйел адам жүктілігінің 41-ші аптасында 2016 жылдың 29 желтоқсанында "жалған толғақ пен созылмалы пиелонефрит" диагнозымен перзентханаға түседі. Оның үтіне іштегі бала ірі денелі болған, сол себепті нәрестені кесар тілігімен алыпты. Алайда бес күн өткен соң сәби шетінеп кетеді. Анасының арызында жазылғандай, дәрігерлер баланың өміріне қауіп төніп тұрғанын ескермепті. Суы кетіп қалған соң, баланы операциямен алғанша 36 сағат өтіп кеткен.

Сот арыз берушінің талаптарын қанағаттандырып, перзентхананы моральдық шығын ретінде 1 миллион теңге, материалдық шығын ретінде 29 мың теңге төлеуге міндеттеді.

Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.