АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Ақмола облысында екі айлық нәресте анасының сүтіне тұншығып өлді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне облыстық ішкі істер департаментінен.
Қайғылы оқиға 7 маусымда Есіл ауданы Свободное ауылында болған.
"Анасы таңертең жылап жатқан баласына емшек емізбек болады. Емізіп жатқан кезде ол ұйықтап кеткен, тұрған уақытта нәрестенің тұншығып қалғанын көреді", — деді полицейлер.
Қазіргі уақытта баланың денесі сараптамаға жіберілді.
Баланың анасы 27 жаста, күйеуі механизатор болып жұмыс істейді. Отбасының тұрмысы жақсы, ерлі-зайыптылар үш бала тәрбиелеп отыр.