АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда мереке күндері он екі адам өрттен қаза тапты, деп мәлімдеді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
"Барлығы 16 адам зардап шекті, оның 12-сі өрт кезінде қаза тапты, төртеуі ауруханаға жатқызылды. Өңірлер арасында Шығыс Қазақстан мен Алматы облысы көш бастап тұр", — деді Иманқұлов.
ТЖК ресми өкілі ведомство үнемі алдын алу жұмыстарын жүргізетінін, алайда жыл сайын мереке күндері тұрмыстық өрт саны 60%-ға артатынын атап өтті.
Жалпы, 1-2 қаңтар күндері республика аумағында техногендік сипаттағы 18 төтенше жағдай тіркелді, оның ішінде басым бөлігі – тұрмыстық өрт.