Оқиға

Елімізде мереке күндері 12 адам өрттен қаза тапты

© AP Photo / Dave Martinот, архив суреті
от, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдайлар комитеті мереке күндері өрт саны 60%-ға артатынын атап өтті

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда мереке күндері он екі адам өрттен қаза тапты, деп мәлімдеді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

темекі тарту - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Атбасарда өртеніп кеткен үйден ағайынды екі жігіттің мәйіті табылды

"Барлығы 16 адам зардап шекті, оның 12-сі өрт кезінде қаза тапты, төртеуі ауруханаға жатқызылды. Өңірлер арасында Шығыс Қазақстан мен Алматы облысы көш бастап тұр", — деді Иманқұлов. 

ТЖК ресми өкілі ведомство үнемі алдын алу жұмыстарын жүргізетінін, алайда жыл сайын мереке күндері тұрмыстық өрт саны 60%-ға артатынын атап өтті. 

Жалпы, 1-2 қаңтар күндері республика аумағында техногендік сипаттағы 18 төтенше жағдай тіркелді, оның ішінде басым бөлігі – тұрмыстық өрт.

Жаңалықтар
0