Қоғам

ІІМ жаңа жылдың алғашқы күндері қанша қылмыс жасалғанын айтты

Мереке күндері қазақстандық полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Sputnik

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Жаңа жылдың алғашқы тәуліктерінде республикада 615 қылмыс тіркелді. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, мереке күндері полицейлер қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілген. 

"Жаңа жылдың алғашқы тәуліктерінде еліміз бойынша 615 қылмыс тіркелсе, оның 240-ын полицейлер "ізін суытпай" ашты. Қолға алынған шаралар арқасында ешқандай ірі оқиға болған жоқ", — деді Садубаев.