Қоғам

ІІМ жаңа жылдың алғашқы күндері қанша қылмыс жасалғанын айтты

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуполиция көлігі, архив
полиция көлігі, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мереке күндері қазақстандық полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Жаңа жылдың алғашқы тәуліктерінде республикада 615 қылмыс тіркелді. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, мереке күндері полицейлер қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілген. 

"Жаңа жылдың алғашқы тәуліктерінде еліміз бойынша 615 қылмыс тіркелсе, оның 240-ын полицейлер "ізін суытпай" ашты. Қолға алынған шаралар арқасында ешқандай ірі оқиға болған жоқ", — деді Садубаев.

Жаңалықтар
0