Оқиға

Алматыда дәмханалардың бірінен табылған пакет жұрттың үрейін туғызды

Полиция дәмхананы қоршап, адамдарды қауіпсіз жерге шығарған
Sputnik

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Алматыда дәмханалардың бірінен табылған пакет жұрттың үрейін алды, деп хабарлады полиция Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Оқиға куәгерлері түсірген суретте Әуезов көшесінің бір бөлігі қоршалыпты. Бұл ақпарат мессенджерлер арқылы тарап кетті.

Күдік туғызатын пакет табылған дәмхана қоршауға алынды

"Алматының жедел қызметтері Бостандық ауданында орналасқан дәмханадан күдік туғызатын пакеттің табылуы туралы ақпаратты тексеріп, тиісті шаралар атқарды", — деп хабарлады Алматы ішкі істер департаменті ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Пакеттен тыйым салынған заттар табылмады. Дәмхана жұмысын әрі қарай жалғастырып жатыр. Полицейлер сақтық пен белсенділік танытқан азаматтарға алғыс айтты.