Қоғам

Жаңа жыл түні Астанада 57 сәби дүниеге келді

1 қаңтарға қараған түні елорда халқының саны 57 адамға көбейді
Sputnik

АСТАНА, 3 қаңтар – Sputnik. Жаңа жыл түні Астанада 57 нәресте өмірге келді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Алматыда 20-дан астам адам отшашудан зардап шекті

Елордадағы үш перинаталдық орталықта 57 сәби дүние есігін ашты.

Сондай-ақ, қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жаңа жыл түні 9 адам пиротехникадан зардап шеккен.

Қаланың травмотологиялық пунктеріне 320 адам жүгінді. Бұған қоса, 1-3 қаңтар аралығында қалалық жедел медициналық жәрдем стансасына 1561 қоңырау түсті.

Айта кетейік, жаңа жыл түні Астанадағы қауіпсіздік пен тазалық жұмысын қамтамасыз етуге 32 мыңнан астам адам жұмылдырылған болатын.