АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Жаңа жыл түні алматылықтар дәстүрге сай отшашу жасап, салдарынан біраз адам ауруханаға түсті.
Жаңа жыл түні қаланың әр ауданында петарда жарып, жарақат алған адамдар ауруханаға түсті. Дәрігерлер 21 адамға көмек көрсеткен, олардың 15-і – кәмелеттік жасқа толмағандар.
"Зардап шеккендердің ең кішкентайы – 2 жаста, жасы үлкені – 44-те. 21 оқиғаның 12-сінде петарда қолда жарылып кеткен, тоғызында петарда ұшу траекториясын өзгертіп, адамның денесіне тиген, — делінген қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хабарламасында. – 11 көз күйігі, 6 бет-ауыз күйігі, 4 әртүрлі дене мүшелерінің күюі тіркелген.
ТЖД мәліметінше, Алматыда отшашу салдарынан еш жерде өрт шықпапты.