АСТАНА, 2 қаңтар — Sputnik. Айжан Байзақова өзінің Telegram арнасында қыздар арасында шешінуден сайыс өткізілген Zakova клубының жабылғанын хабарлады.
"Zakova" клубын жапқалы жатқанымызды айтайын деп едім. Бұған кімнің шарапаты тигенін түсініп отырған шығарсыздар… Бұл осында көңіл көтеріп, ішімдік ішіп, темекі шеккен опасыздардың кесірінен болып отыр. Ұялы телефонның камерасына түсіріп, желіге жүктеп жібергендер мақсатына жетті, құттықтаймын! Олай болса барлық клуб пен барды жауып тастаңыздар, өйткені барлығыңыз періштесіздер ғой", — деп жазды Байзақова.
Оның айтуынша, кеше клубта қоштасу кеші өткен.
Сайыс шарты бойынша тыр жалаңаш шешінген қызға 50 мың теңге сыйақы берілген. Әлеуметтік желіде пайда болған видеода жалаңаш қыз бір қырынан көрінеді, ал жүргізуші конкурс шартын түсіндіріп, өзгелерді қатысуға шақырып жатыр.
Келесі күні "Нұр-Мұқасан" дуэтінің әншісі Мұқасан Шахзадаевтың парақшасында оннан астам жігіттің қыздардың тәртібін сынға алғаны түсірілген видео жарияланды.