Қоғам

Бокспен шұғылданып жатқан әже желідегілерді таңғалдырды

Instagram-да жарияланған видеороликтің кейіпкеріне әлеуметтік желі қолданушылары "GGG әже" деген ат берді
Sputnik

АСТАНА, 2 қаңтар — Sputnik. Бокс қапшығын ұрып жатқан әженің видеосы әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды. Олар бұл "GGG әже" болса керек деп қалжыңдап жатыр.  

Видеожазба Instagram-дағы kazakh_video паблигінде жарияланды.

Әжейдің айтуынша, мұндай жаттығу денсаулығын нығайтуға зор септігін тигізген. 

"Қолыма жақсы болды. Бұрын орамалымды таға алмай, киім кие алмай қиналатын едім", — дейді қартаң әйел.