Әлем

Қырғызстанда жас жігіттер жаңа жыл түні бір шаңырақты ортасына түсірді

Қылмыскерлер анасы мен қызын өлтіргеннен кейін үйдегі 100 мың сомды алып кеткен
Sputnik

АСТАНА, 2 қаңтар — Sputnik. Қырғызстанның Беловодское ауылында екі әйелді өлтірді деген күдікпен үш жігіт ұсталды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.

Жамбыл облысындағы ауылда мас адам көршілерін атып тастады
Шу ішкі істер бас басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа жыл түні белгісіз біреулер Беловодское ауылында тұратын отбасыға қарақшылық шабуыл жасап, анасы мен қызын атып кеткен. Қылмыскерлер үйдегі 100 мың сомды алып, ізін жасырған.  

Әйелдер сол жерде жан тапсырған. Сондай-ақ отағасы  ауыр жарақат алған.  

"2 қаңтар күні таңертең жедел қызметкерлер 19, 20 және 23 жастағы үш күдіктіні ұстады. Олар Бішкек және Шу облысының тумасы", — деп хабарлады ішкі істер бас басқармасы. 

Ұсталғандардан жауап алынып жатыр.