Қоғам

Астананың шенеуніктері қызметтік көлікпен емес, таксимен жүретін болды

Елорда әкімдігі такси қызметін пайдаланады
Sputnik

АСТАНА, 2 қаңтар — Sputnik. Астана әкімдігі  қызметтік автокөліктердің орнына такси парктерінің қызметін пайдалануды жоспарлап отыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астанада такси неге қымбат?
"Келесі жылы Астана әкімдігі қызметтік көліктің орнына таксидің қызметін пайдаланып, бюджет қаражатын үнемдеуді көздеп отыр", — деп жазылған хабарламада.

Жоба 2018 жылы әкімдіктің барлық автокөлігін, ал 2019 жылы микроавтобустар мен әкімдіктің квазимемлекеттік секторының арнайы техникаларын қамтиды.