АСТАНА, 5 қыркүйек — Sputnik. Елордалық әкімшілік тұрғындарға ресми таксилерге отыру жөнінен ұсыныс жасады. Жергілікті билік, жол бойындағы ресми құжаттары жоқ жүргізушілер қауіпті болуы ықтимал екенін атап өтті.
"Қазір әуежайдан жету үшін белгіленген тариф бар. Сол жағалауға – 2500 теңге, оң жағалауға – 3000 теңге. Бұл ЭКСПО көрмесіне келіп жатқан тұрғындар үшін арнайы белгіленген баға еді. Сонымен қатар, бұл әлде біреудің 40 мыңға, басқалардың 28 мыңға жеткендерін болдырмау үшін белгіленген еді",- деп хабарлады баспасөз конференциясы барысында "Астана қаласы жүргізушілер ассоциациясының" төрағасы Медет Құрманов.
Медета Құрмановтың айтуынша, екі апта ішінде астаналық таксилер өздерінің тарифтерін өзгертеді. Оған байланысты әуежайдан отыру кезінде алғашқы үш шақырым үшін 1000 теңге белгіленеді. Көптеген шағымдардан кейін "Нұрлы жол" теміржол вокзалынан отырғызу үшін тарифтер өзгертілді. Ендігі кезде оның көлемі 700 теңгені құрайды да, әрбір шақырым сайын 100 өсіп отырады. Астана қаласы ішінде ресми таксимен алғашқы үш шақырымды жүру 500 теңгені құрайды. Тасымалдаушылар үшін "Яндекс. Такси" және Uber сияқты танымал қызмет түрлері бәсекелестік тудырады, олар кей жағдайда ресми әріптестерінен төмен тарифті ұсынады. "Жол жүрудің өзіндік құны болады. Ресми тасымалдаушылар үлкен жауапкершілікте болады. Көп жағдайда көліктер вокзал бағытына бос барады. Жүргізушінің ол жерде клиентті қанша уақыт күтетіні де белгісіз. Осы кезде бізде түрлі шығындар орын алады. Кей кездерде "Яндекс" және Uber тарифтері арзан болады. Бірақ бұл кепілді түрде белгіленбеген тариф",- дейді Медет Құрманов.
Әкімшілік өкілінің айтуынша, стандартты тарифтер негізінде жұмыс жасау ресми қызметтердің артықшылығы болып табылады. "Яндекс. Такси" және Uber бүгінгі таңда диспечерлік-ақпараттық қызмет ретінде ресми түрде тіркелмеген. Ол жөнінен жеке тексерулер жүргізіледі. Олар нарықта танымал болып алды. Осы бағытта түрлі елдерде орын алған сот процестеріне сараптама жасалып жатыр",- деді Қалалық жолаушылар транспорты басқармасының жетекшісі Бекмырза Игенбердинов.
Сонымен қатар, әкімшіліктегілер қымбат болып табылатын тасымал түріне балама ретінде қоғамдық көлік пайдалануға болатынын, оған қоса, арзан қызмет көрсететін жеке жүргізушілерге сенуге бола бермейтінін де айта кетті. "Заңсыз жүргізушілер табыс табу мақсатында жол ережелеріне сақтамай, үлкен жылдамдықты ұстанады да, кей жағдайда жол-көлік апаттарын тудырады",- деді әкімшілік өкілдері.