Әлем

Солтүстік Корея басшысы: ядролық қарудың батырмасы жұмыс үстелімде тұр

Ким Чен Ын КХДР ұлттық ядролық күштерді құру жұмыстарын аяқтап қалғанын ажариялады
Sputnik

АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ел халқын жаңа жылмен құттықтай келе, АҚШ-қа ядролық зымырандарды іске қосуға әзір отырғанын ескертті, деп хабарлады РИА Новости.

"Мен ешкімді қорқытпаймын, алайда ядролық қарудың батырмасы менің жұмыс үстелімде тұрғанын біліп қойыңдар", — деп мәлімдеді Ким Чен Ын.

Солтүстік Корея лидерінің айтуынша, Америка КХДР-ге қарсы соғыс ашып абырой таппайды. Сондай-ақ ол халыққа жаңажылдық үндеуінде елді ядролық оқтұмсықтар мен баллистикалық зымырандарды жаппай өндіруді жылдамдатуға шақырды. 

Солтүстік Корея: ядролық соғыс кез келген сәтте басталуы мүмкін
"Ядролық оқтұмсықтар мен баллистикалық зымырандарды ірі ауқымды өндіруді және нақты орналастыруды жандандыру қажет", — деді ол.

Ким Чен Ын сондай-ақ КХДР ұлттық ядролық күштерді құру жұмыстарын аяқтап қалғанын айтты.    

Солтүстік Корея соңғы жылдары АҚШ-тан қауіп төніп тұр деген желеумен құрылықаралық баллистикалық зымырандар мен ядролық оқтұмсықтарды жасаумен айналысып жатыр. БҰҰ санкцияларды әр жолы күшейткенмен Пхеньянді ядролық бағдарламасын тоқтатуға мәжбүрлей алмай отыр.