Қоғам

2018 жылдың алғашқы күнінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Тек батыста, оңтүстік-батыста және солтүстік-батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты күн жауын-шашынды болады
Sputnik

АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек батыста, оңтүстік-батыста және солтүстік-батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түседі. Кей жерлерде көктайғақ болады, тұман басып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Елімізде Жаңа жыл мерекесі күндері ауа-райы қандай болады?
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-23 м/с күшейеді. 

Ақмола, Алматы,  Қостанай,  Солтүстік Қазақстан, Павлодар, түнде және таңертең Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Маңғыстау,  Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.