Әлем

Кішкентай қызды күштеп сүйген ер адам 12 жылға сотталды

© Sputnik / Тимур БатыршинКолючая проволока
Колючая проволока - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Бұған дейін бірнеше Telegram-арнада ер адамның бес жасар қызды ернінен сүйіп жатқан видеосы тараған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Ресейдің Чебоксары қаласында танымайтын кішкентай қызды ернінен сүйген ер адам сексуалдық сипаттағы әрекеті үшін айыпталып, сот үкімімен 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін бірнеше Telegram-арнада ер адамның бес жасар қызды ернінен сүйіп жатқан видеосы тараған болатын. Оны көпқабатты үйдің тұрғындары түсіріп алған. Кішкентай қыз бөтен адамды итеріп, құшағынан шығып кетуге тырысқан.

Тергеу кезінде осы оқиғаның мән-жайы анықталды. 6 тамызда Чебоксары қаласының 44 жастағы тұрғыны мас күйінде үйіне қайтып келе жатқан. Ал кіреберістің алдында орындықта отырған кішкентай қызды көргеннен кейін жанына барып, сексуалдық сипаттағы әрекет жасады. Оның көршісі бәрін көріп, ішкі істер органдарына арыз түсірген.

Сол күні айыпталушы өз үйінде ұсталды. Сот санкциясымен оны бірден қамауға алған. Ал полиция қылмыстық іс қозғады.

"Айыпталушы өз кінәсін толығымен мойындады. Оған сот-психиатриялық сараптама жасалды. Оның ақыл-есі дұрыс болып шықты", - дейді тергеушілер.

44 жастағы ер адам жасаған әрекеті үшін 12 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жәбір көрген кішкентай қызға психологиялық-диагностикалық, сондай-ақ оңалту жағынан көмек көрсетілді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0